Қазақстан тарихи әлем чемпионатында алғашқы жүлде жеңіп алды (ВИДЕО)
09.09.2025, 23:46
Бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медаль еншіледі. Бұл жетістікті 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Наталья Богданова бар ындырды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Наталья Богданова жартылай финалға шықты
Богданова ширек финалда Түркия өкілі Сема Чалышқанмен қолғап түйістіріп, сенімді жеңіске жетті. Төрешілердің бірауыздан берген шешімімен (5:0) қазақстандық спортшы келесі кезеңге өтті.
Айта кетерлігі, екінші раундта Наталья қарсыласын нокдаунға түсіріп, жекпе-жектің тағдырын айқындап берді.
Қазақстанның алғашқы медалі
Бұл жеңіс арқылы Богданова турнирдің жартылай финалына шығып қана қоймай, Қазақстан құрамасына кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама