Санжар Тәшкенбайдың алғашқы жекпе-жегін төрешілер шешті (ВИДЕО)
10.09.2025, 00:49
Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі әлем чемпионатында алғашқы айқасын сәтті өткізді.
24kz
Жекпе-жек нәтижесі
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Тәшкенбай Иордания өкілі Хутайфа Эшишпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқаста төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 3:2.
Осылайша Санжар Тәшкенбай ширек финалға шықса, қарсыласы чемпионаттағы жолын аяқтады.
Маңызды дерек
Әлем чемпионаты-2025 — World Boxing ұйымының тарихында алғаш рет ересектер арасында ұйымдастырылып отырған дүбірлі дода. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама