Реклама
Реклама

Қазақстан – Өзбекстан айқасы: Сағындық Тоғамбай ширек финалда ойсырай жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
10.09.2025, 20:11

Ливерпульде World Boxing ұйымының аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейінгі салмақ) рингке шықты.

Instagram/@boxingkazakhstan

Қарсыластың айқын басымдығы

Сағындыққа өзбекстандық Турабек Хабибуллаев қарсы тұрды. Айқас 5:0 есебімен Хабибуллаевтың пайдасына аяқталды. Осы нәтижемен ол жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальді қоржынына салды. Ал Тоғамбай бұл додада жүлдесіз қалды.

Тоғамбайдың жетістіктері

  • Азия чемпионы-2024
  • Азия ойындарының қола жүлдегері-2022

Бұл жеңілісіне қарамастан 24 жастағы қазақстандық боксшы құрлықтық деңгейде өзін танытқан мықтылардың бірі саналады.

Реклама
Реклама