Алуа Балқыбекова кемінде қола медаль иегері атанды
10.09.2025, 22:26
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова 2025 жылғы әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында жеңіске жетті.
Instagram/@boxingkazakhstan
Ширек финалдағы сенімді қадам
Ливерпульде (Англия) өткен додада ол 51 келі салмақ дәрежесінде Тайвань спортшысы И Сюань Гуоға қарсы жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын басымдық көрсетті.
Бұл жеңіс Балқыбековаға әлем чемпионатының жартылай финалына жол ашты. Сонымен қатар өзіне кемінде қола медаль қамтамасыз етті.
Балқыбекованың жетістіктері
- Әлем чемпионы (IBA)
- Әлем чемпионатының қос жүлдегері – күміс пен қола
- Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама