Аида Әбікеева әлемнің үш дүркін чемпионын тоқтатты
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева 2025 жылғы әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында жарқын жеңіске жетті.
Әлемді таңқалдырған сенсация
Әбікеева 65 келі салмақ дәрежесінде түркиялық жұлдыз, Олимпиада чемпионы Бусеназ Сюрменелимен кездесіп, қазылар шешімімен сенсациялық жеңіс тіркеді.
Бұл жеңіс Әбікееваны әлем чемпионатының жартылай финалына шығарды. Енді ол жарысты кемінде қола жүлдемен аяқтайды.
Қарсыластың атақтары
- 2024 жылғы Олимпиада чемпионы
- Әлемнің үш дүркін чемпионы (IBA, 2019, 2022, 2025)
Осы тұрғыдан алғанда Аиданың жеңісі нағыз соққы әрі сенсация болды.
Жарнама
Жарнама