Қазақ алыбы қарсыласын ойсырата жеңіп, медаль еншіледі
11.09.2025, 02:31
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында айқын жеңіске жетті.
Instagram/@boxingkazakhstan
Айбек Оралбай жартылай финалға шықты
Айбек Ливерпульдегі додада хорватиялық Лука Пратлячичті қазылар шешімімен 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл жетістік Оралбайды әлем чемпионатының жартылай финалына шығарды. Енді ол кемінде қола жүлдені қалтаға басты.
Айбек Оралбайдың жетістіктері
- Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024)
- Халықаралық ареналарда тұрақты түрде үздік нәтиже көрсетіп келе жатқан мықты боксшы
Тарихи дода
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл жарыс – World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Сондықтан Оралбайдың жартылай финалға шығуы Қазақстан спорты үшін тарихи белес болып отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама