Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бокс тарихындағы ең қымбат түн: Альварес пен Кроуфордтың табысы қандай?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:15

13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы тарихи бокс кешінің гонорарлары белгілі болды. Мексикалық жұлдыз рекордтық 150 миллион доллар табыс тапса, америкалық қарсыласы өз мансабындағы ең ірі сыйақысын алады.

фото: mma.metaratings
Реклама
Реклама

Канелоның рекордтық табысы

Абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес тағы да спорт әлемін таңғалдыруда. Fight Timeмәліметінше, мексикалық боксшы Теренс Кроуфордқа қарсы айқасы үшін шамамен 150 миллион долларалады.

  • 80 миллион доллар – «Riyadh Season» промоутерлік компаниясымен келісімшарт аясында. Бұл келісім бес жекпе-жекке есептелген және жалпы құны 400 миллион доллар.
  • Қалған 70 миллион доллар – билеттер сатылымынан, трансляция құқықтары мен кештің жалпы табысынан түсетін үлесі.

Салыстыру үшін, соңғы екі жылда Канело әрбір жекпе-жегіне 25-тен 53 миллион долларға дейін гонорар алған болатын.

Кроуфордтың да мансаптық рекорды

Америкалық Теренс Кроуфордтың да қалтасы қалыңдайды. Оның гонорары шамамен 50 миллион доллардықұрайды. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш, себебі бұған дейін Кроуфорд бірде-бір жекпе-жек үшін 10 миллион доллардан артық алмаған.

Жекпе-жек уақыты мен промоушн

Көптен күткен жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. АҚШ-тағы промоутері – UFC президенті Дана Уайт. Бұл фактордың өзі-ақ кештің ауқымын көрсетіп тұр.

Бұл бокс кеші тек спорттық деңгейде емес, қаржылық тұрғыдан да тарихта қалады. Канелоның табысы оны қазіргі заманның ең бай спортшыларының қатарына қосса, Кроуфорд үшін бұл – мансаптық серпіліс пен жаңа деңгей.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары