Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Иван Дычко: Мұндайды көрмегенмін

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 12:59

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Лас-Вегаста өтетін үлкен бокс кешіне қатысатынын айтып, қуанышын жасырмады. Ол америкалық Джермейн Франклинге қарсы айқаста жанкештілікпен өнер көрсетіп, жақсы нәтиже беруге уәде етті.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

35 жастағы Иван Дычко TKO Boxing ұйымдастыратын кеште 31 жастағы америкалық қарсыласы Джермейн Франклинмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 14 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

«Мұндай деңгейдегі кешке қатысып отырғаныма қатты қуаныштымын. Бұл – атақты боксшылар бас қосатын ерекше шара. Бұған дейін мұндай ауқымды турнирге шықпаған едім. Қарсыласымның тәжірибесі мол, есімі белгілі, рекорды мықты. Маған оңай соқпайды, тер төгуге тура келеді. Дегенмен ұзақ уақыт дайындалдым, жекпе-жекке толық дайынмын», – деді Дычко Legalbet.kz-ке берген сұхбатында.

Дычконың кәсіби көрсеткіші – 15 жеңіс (14 KO) және бірде-бір жеңіліс жоқ. Ал Франклиннің рекорды – 23 жеңіс (15 KO) және 2 жеңіліс.

Бұл айқас кештің алдын ала кардында өтеді. Ал басты жекпе-жекте Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атағы үшін рингке шығады.

Айта кетейік

Иван Дычко – Олимпиаданың қос қола жүлдегері (2012, 2016), әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері (2011, 2013, 2015), Азия ойындарының чемпионы (2014) және Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015).

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары