Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ UFC-ден кетті

Сарапшы, спорт журналисі
12.09.2025, 14:12

Этникалық қазақ файтері Мақсат Қайсардың UFC-дегі мансабы аяқталды.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Бір кездері нокаутпен дебют жасап, жанкүйер үмітін оятқан Қытайдан шыққан аралас жекпе-жек шебері Мақсат Қайсар (10-5) UFC-дегі келісімшартынан айырылды. Спортшының соңғы жекпе-жектерінде жолы болмай жүрген еді.

Қайсардың UFC-дегі тарихы ерекше басталды. Ол Дана Уайттың Contender Series жобасында жеңіске жетіп, әлемдегі ең беделді октагонға жолдама алды. Ал алғашқы жекпе-жегінде америкалық Стив Гарсияны нокаутқа түсіріп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Сәтсіз кезең

Алайда ары қарай бәрі ойдағыдай өрбіген жоқ. Қатарынан екі жеңілістен кейін ол 2024 жылдың көктемінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткенімен, жағдайын түбегейлі өзгерте алмады. Кейінгі екі айқаста тағы да жеңіліп, UFC басшылығы келісімшартты тоқтатты.

Соңғы айқас

Қайсардың соңғы кездесуі Шанхайда өтті. Бұл жекпе-жекте ол қытайлық Гейдж Янгқа бірауыздан төрешілер шешімімен есе жіберді. Осылайша, Мақсаттың UFC-дегі мансабы уақытынан бұрын аяқталды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары