Қазақстандық атақты боксшы, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай тағы бір тарихи жеңіске жетті. Ол World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем біріншілігінің ширек финалында кемінде қола медаль еншіледі.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қызайбай украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілер бірауыздан жеңісті оған берді.
Бұл нәтижемен Назым жартылай финалға жолдама алып, ел қоржынына әлемдік деңгейдегі медаль сыйлады.
Осылайша Назым Қызайбай қазақ боксының тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Анна Охота – украиналық тәжірибелі боксшы. Оның ең ірі жетістігі – 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі. Алайда Ливерпульдегі кездесуде ол қазақстандық боксшының қарқынына төтеп бере алмады.