Қазақстандық жас боксшы Санжар Тәшкенбай әлемдік рингте тағы бір сенімді жеңісіне жетті. Ол World Boxing ұйымы өткізген 2025 жылғы чемпионаттың ширек финалында қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, кем дегенде қола медальға қол жеткізді.
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тәшкенбай үндістандық боксшы Джадумани Сингх Манденгбамға қарсы шықты. Жекпе-жек барысында қазақстандық спортшы тактикалық және техникалық тұрғыдан басым болып, кездесуді 4:0 есебімен өз пайдасына жапты.
Бұл жеңіс Санжарға жартылай финал жолдамасын сыйлап, Қазақстан қоржынына әлемдік деңгейдегі жүлдені қамтамасыз етті. Оның қарсыласы болса, жүлдесіз қалды.
Әлем чемпионы – 2023 жыл
Азия чемпионы – 2022 жыл
Жас болса да, Санжардың көрсеткіштері оның болашағы зор спортшы екенін айқындайды.