Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Қазақстан құрамасының алғашқы финалдық мүмкіндігі үзілді.
60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Виктория Графеева жартылай финалда Бразилия өкілі Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазылар шешімі бойынша жеңіс оңтүстік америкалық боксшыға берілді.Осылайша Де Лима Сантос алтын жүлде үшін финалда айқасады. Ал қазақстандық қола медальмен шектелді.
Айта кету керек, Виктория Графеева – Қазақстан сапында ӘЧ-2025 жартылай финалында алғаш болып шаршы алаңға шыққан боксшы. Оның жетістігі ұлттық құраманың қоржынындағы алғашқы жүлделердің біріне айналды.