Ливерпуль төрінде Қазақстанның атын асқақтатқан боксшы қыздар Алматы әуежайында зор қошеметпен қарсы алынды. Чемпиондарға гүл ұсынылып, ұлттық тағамдар тарту етілді.
Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралған қазақстандық боксшы қыздарды Алматы жұрты ерекше ықыласпен күтіп алды. Халықаралық әуежайда спортшыларды туған-туыстары, жанкүйерлер, әскерилер мен спорт қауымдастығы өкілдері салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Алтын, күміс және қола медаль иеленген боксшы аруларға гүл шоқтары ұсынылып, ұлттық тағамдардан дәм татқызылды. Чемпиондар жарыстағы әсерлерімен бөлісіп, жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
Бұл чемпионат Қазақстан әйелдер боксы үшін тарихи дода болды. Қыздарымыз жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Алтын жүлде иегерлері:
Күміс жүлде:
Назым Қызайбай (48 кг)
Қола жүлде:
Бұл жеңістер қазақстандық бокс тарихындағы маңызды белес ретінде есте қалмақ.
Ұлттық дәмнен ауыз тиген әлем чемпиондары жарыстағы әсерлерін айтты.
“Көңіл-күйім өте керемет. Өйткені күшті күтіп алып жатыр. Барлық туған-туысқандарым келген екен, өте қуаныштымын, барлықтарына рақмет және ең бірінші өзімнің бапкерім де келіп отыр екен. Тараз, Шудан туған-туысқандарымның барлығыкеліп отыр екен, өте қуанышты, өте керемет сезім”, – деді Алуа Балқыбекова.
Ал Аида Әбікеева болса, екі дүркін әлем чемпионы атануды арман еткенін айтты:
«Үш ай бұрын Сербияда өткен әлем чемпионатында алтын алдым. Ливерпульде де жеңіске жетіп, арманым орындалды. Серік ағамыз секілді екі дүркін әлем чемпионы болуды мақсат еткен едім. Аллаға шүкір, соған жеттім».