
Отандасымыз Дана Уайт пен Турки Әл аш-Шейх қолға алған жаңа бокс лигасына қатысатын боксшылардың алдын ала тізіміне енді.
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының танымал спорт функционері Турки Әл аш-Шейх іске қосатын жаңа бокс лигасына қатысушылардың алдын ала тізіміне енді.
UBO (Ultimate Boxing Organization) атты жаңа жоба UFC қағидаларына сүйенеді. Яғни бұрынғыдай WBO, WBA, WBC, IBF сынды ұйымдардың бір-біріне қайшы рейтингтері болмайды. Бір дивизионда тек бір чемпион анықталады.
Мұндай формат жанкүйерлерді қызықтыратын басты факторға айналмақ: ең мықтылар тек мықтылармен айқасады. Бұған қоса, промоутерлер арасындағы даулар мен допинг мәселесі де бұл лигада кездеспеуі тиіс.
Brunch Boxing-тің хабарлауынша, UBO-да өнер көрсетуі мүмкін боксшылардың арасында:
Соңғы екеуі 360 Promotions компаниясының боксшылары. Бұл ұйымды Том Лёффлер басқарады – ол қазақстандықтарға Геннадий Головкиннің промоутері ретінде жақсы таныс әрі Дана Уайтпен серіктестік орнатқан маман.