Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайрат Сәтжанов: «Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамада өзгерістер болады»

Сарапшы, спорт журналисі
16.09.2025, 20:32

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатынан кейінгі жоспарларын айтты. Ол алдағы турнирлерге қатысатын боксшылар құрамы мен ұлттық біріншіліктің мерзіміне қатысты мәлімдеме жасады.

instagram.com/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Әлем кубогының финалдық кезеңіне кімдер барады?

15–22 қараша аралығында Үндістанда өтетін әлем кубогының финалдық кезеңінде ұлттық құраманың негізгі көшбасшылары қатыспайды.

«Бұл турнирге басты назар екінші және үшінші нөмірлі боксшыларға аударылады. Құрама көшбасшылары демалады», – деді Сәтжанов.

Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылады?

Қазан айында өтетін Қазақстан чемпионатына тек Ливерпульде жеңімпаз атанған чемпиондар қатыспайды:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг)
  • Төрехан Сабырхан (70 кг)
  • Айбек Оралбай (+90 кг)

Ал қалған боксшылар міндетті түрде ұлттық біріншілікке қатысады.

Чемпионат қашан өтеді?

Алғашында турнир 12–19 қазан аралығында Семейде өтеді деп жоспарланған. Алайда ҚР Конфедерация кубогының қайта жандануы чемпионаттың уақытына әсер етті.

«Иә, жарыстардың арасы тым жақын болды. Сол себепті чемпионаттың мерзімі сәл кейінге шегеріледі. Бірақ ол бәрібір қазан айында өтеді», – деді бас бапкер.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары