Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Жекпе-жектерін көруге жүрегім шыдамайды" – Махмұд пен Төреханның анасы жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:15

Екі ұлын осындай биікке жеткізген ана – Меңтай Әсілова балаларының осындай жетістігіне қуанышты екенін жасырмады.

Жуырда Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан топ жарып, Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль салды. Екі ұлын осындай биікке жеткізген ана – Меңтай Әсілова балаларының осындай жетістігіне қуанышты екенін жасыра алмады. "Jibek joly" телеарнасының "Бүгін LIVE" бағдарламасында осыған қатысты әсерін бөлісіп, ағынан жарылды. 

Ол тіпті балаларының жекпе-жектерін тікелей көруге жүрегі шыдамайтынын айтты.

«Балаларымыздың жетістігіне қуанамыз. Бұдан да биік белестерді бағындыруына тілекшіміз. Осы жарысқа кеткенде екеуінің де чемпион болып қайтарына сендім. Махмұд бірнеше жылдан бері тәжірибе жинап келеді. Ал Төрехан алғаш рет ересектер арасында өнер көрсетіп, мықтылығын дәлелдеді», – деді чемпиондардың анасы бағдарлама барысында.

Фото: Sportburo.kz

Әсілова жарыстарды тікелей көруге қиналатынын да жасырмады. 

«Кешегі финалда отбасымыз түгел жиналды. Бірақ мен жекпе-жектерін тікелей қарай алмаймын. Басқа бөлмеде отырып, үй ішінің айқайынан-ақ не болып жатқанын біліп отырамын. Ұлдарым жеңіске жеткенде сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл – жүректе сақталатын сәт».

Әлеуметтік желілерде Махмұдтың інісі Төреханды иығына көтерген әсерлі видеосы кең тарап, жанкүйерлер жүрегін жаулады.

«Біздің бір қыз, төрт ұлымыз бар. Бәрі бір-біріне жанашыр болып өсті. Енді ұлдарымның 2028 жылы Олимпиада чемпиондары болғанын қалаймын», – деді анасы.

Фото: sportarena.kz

Айта кетейік

2025 жылғы әлем чемпионатына 68 мемлекеттен 540 боксшы қатысты. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орынға көтерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір