31 жастағы, жеңіліс көрмеген UFC орта салмақ (84 келіге дейін) чемпионы, БАӘ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев Ақ үйде өтетін жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Penalty.kz
Жекпе-жекші әлеуметтік желідегі парақшасында UFC турнирі өтетін Ақ үйдің алдында түсірілген суретін жариялады.
UFC турнирі 2026 жылдың 4 шілдесінде АҚШ президентінің ресми резиденциясы – Ақ үйде өтеді. Бұл шара АҚШ-тың 250 жылдығына арналмақ және президент сарайында өткізілетін алғашқы кәсіби спорттық оқиға болады.
Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт АҚШ президентінің резиденциясы – Ақ үйде өтетін турнирдің алғашқы тұжырымдамасын таныстырған еді.
Хамзат Чимаев – 31 жаста, ММА-де 15 жекпе-жек (15 жеңіс), UFC-де 9 жекпе-жек, бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегінде ол 16 тамызда Оңтүстік Африкалық Дрикус дю Плессимен өткізіп, бес раунд нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, орта салмақтағы чемпион атанған болатын.