Загребте өткен грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алтыншы орынға ие болды. Қазақстандық балуандар 57 ұпай жинады.
Жалпы нәтиже күткендегідей болмағанымен, қазақстандық Айдос Сұлтанғали ел қоржынына алтын медаль салды. Ол 60 кг салмақ дәрежесінде финалда өзбекстандық Әлішер Ғаниевті айқын басымдықпен – 9:0 есебімен ұтты. Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі жалғыз «алтыны» болды.
Сондай-ақ, Ислам Евлоев 87 кг салмақта қола медаль иеленді.
Жарыста Иран құрамасы көш бастады – 180 ұпай. Олар төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Екінші орынға 89 ұпаймен Әзербайжан тұрақтады. Үшінші орында Өзбекстан құрамасы (72 ұпай).
Әлем чемпионатында Армения, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан және Сербия спортшылары да бір-бір алтыннан еншіледі.