Жақында екі дүркін әлем чемпионы атанған боксшы маңызды мәлімдеме жасады.
Сұхбат барысында ол жеңістен алған әсерімен бөлісіп, алдағы мақсаттары туралы айтты – алда Азия ойындары мен Астанада өтетін әлем чемпионаты бар, онда олимпиадалық лицензиялар сарапқа салынады.
«57 келіде маған ауыр болды, қарсыластар ірі еді. Ал 55 келі – менің салмағым, осы салмақта мен қатарынан бес жекпе-жекті 5:0 есебімен жеңдім. Олимпиада чемпионы болғым келеді, дәл осы категорияда!», – деп келтіреді Махмұдтың сөзін «Спорт Шредингера».
Еске салайық, Махмұд Сабырхан 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, турнирдегі барлық жекпе-жектерін 5:0 есебімен ұтты. Бұл оның 2023 жылғы жетістігінен кейінгі әлем чемпионатындағы екінші алтын медалі.