Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Күрестен триумф жасаған Айдос Сұлтанғали Қазақстанға оралды

Сарапшы, спорт журналисі
23.09.2025, 11:00

26 жылдан кейін Қазақстанға грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін сыйлаған балуан Айдос Сұлтанғали Қазақстанға оралды.

Күрестен триумф жасаған Айдос Сұлтанғали Қазақстанға оралды
Айдос Сұлтанғали елге оралды. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні Астана халықаралық әуежайында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды.

Ғасыр чемпионын дүркіретіп күтіп алды

Спортшыларды Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр қарсы алған.

Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын Әлішер Ганиевті бір минуттың ішінде таза жеңіп, Әлем чемпионы атанды.

Бұл – грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 26 жылдан кейін қол жеткізген алтын медаль. Соңғы рет 1999 жылы қазақстандық Мхитар Манукян 63 келіде әлем чемпионы атанған еді.

Жалпы грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) қана жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем біріншілігінде топ жарған.

Ал Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионтында қола жүлде еншілеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір