Футбол
Бөлімдер

Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа өтемін деді!

Қазақстандық чемпион жанкүйерлер сұрағына жауап берді. 

Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа өтемін деді!
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Назым маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстандық әйгілі боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен сұхбаттасты. Желі қолданушыларының бірі спортшыдан кәсіпқой боксқа қадам басу жоспары жайлы сұрады.

«Егер жақсы ұсыныс түсіп, бапкер мен басшылық рұқсат етсе, неге болмасқа», – деп жауап берді Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны өзінің Instagram парақшасында.

Назым маңызды мәлімдеме жасады

Әлем чемпионатындағы жетістік

Айта кетейік, 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Назым Қызайбай финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Шешуші жекпе-жекте үнділік Минакши Минакшиге төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?