Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Канелоның қазақстандық досы Головкин жайлы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:19

Жеңіліп көрмеген қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуы және оның «Канело» Альвареспен төртінші жекпе-жегі жөніндегі әңгімелерге қатысты пікір білдірді.

Спортшының әлеуметтік желісінен
Реклама
Реклама

Бектің айтуы бойынша, бокста күтпеген жәйттар болып тұрады.

“Бұл әңгімелер туралы ештеңе естіген жоқпын. Шынымды айтсам, бұл бокс, ал бокста бәрі де күтпеген жерден болады”, — деді Нұрмағанбет.

Нұрмағанбет «Канело» командасының кем дегенде үш жылдан бері мүшесі болып келеді, сондықтан ол жиі жаңалықтар мен әңгімелерден хабардар болып тұрады.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин рингке қайта шығып, жекпе-жек өткізуден қарсы емес екенін мәлімдеген болатын. Осыдан кейін оның Теренс Кроуфордпен немесе Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін деген қауесеттер пайда болды.

Айта кетсек, Геннадий бұған дейін Альвареспен үш рет қолғап түйістірген — екеуінде ұпай санымен жеңіліп, біреуінде тең түскен. Соңғы рет Головкин 2022 жылы рингке шығып, дәл сол үшінші жекпе-жекте Альварестен жеңілген еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары