Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық ММА-жауынгерлер ірі Гран-приге қатысуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Fight Nights президенті Камил Гаджиев 2026 жылғы Гран-при турнирлеріне қандай қазақстандық спортшыларды тартуды жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстандық ММА-жауынгерлер ірі Гран-приге қатысуы мүмкін
Жалғас Жұмағұлов. Фото: getty images

Fight Nights президентінің айтуынша, Гран-приға қазақстандық бірнеше спортшыларды шақыру мақсатында бар екен:

«66 келіде — Жұман Жұмабеков. 61 келіде — Жалғас Жұмағұлов, егер Қазақстанды айтатын болсақ. Бұл жай ғана формалдылық болмайды. Олар шынымен жекпе-жекке шығады. 84 келіде — Нұрғали Нұрғаипұлы. Бұл жігіттер бәсекелестік тудырады», — деді Камил Гаджиев.

35 жастағы Жұмабековтың ММА-дегі көрсеткіші — 15 жеңіс пен сегіз жеңіліс. Ал 32 жастағы Нұрғаипұлы үш жеңіс пен екі жеңіліске ие. Жұмағұловтың еншісінде 18 жеңіс және тоғыз жеңіліс бар. 37 жастағы Жұмағұлов қазіргі уақытта Oktagon MMA лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын. Осы уақыт ішінде ол жеті жекпе-жек өткізіп, бір жеңіс пен алты жеңіліс тапты. Дегенмен, көптеген сарапшылар мен жанкүйерлердің пікірінше, кейбір жекпе-жектерде төрешілердің шешімдері әділетсіз болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір