
Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген Төрехан Сабырханды Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев супержұлдыз болуға лайық деп бағалады.
Өзбекстанның ерлер бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Sports.kz сайтына Төрехан Сабырханның шеберлігі мен болашағы жайлы пікір білдірді.
“Төрехан — өте дарынды жігіт. Үміт күттіретін спортшы. Барлығы оның спортқа қалай қарайтынына байланысты болады. Бокс дамып жатыр, бір орында тұрған жоқ. Жігіттер әрдайым өздерімен жұмыс істеуі керек, бапкерлерімен бірге. Менің ойымша, Төреханның супержұлдыз болуына мүмкіндік пен перспектива бар”, — деді маман.
Айта кетейік, 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сабырхан 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.