Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Төрехан Сабырхан туралы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:21

Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген Төрехан Сабырханды Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев супержұлдыз болуға лайық деп бағалады.

Төрехан Сабырхан
Реклама
Реклама

“Супержұлдыз боуы мүмкін”: Тулкин Киличев

Өзбекстанның ерлер бокс құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Sports.kz сайтына Төрехан Сабырханның шеберлігі мен болашағы жайлы пікір білдірді.

“Төрехан — өте дарынды жігіт. Үміт күттіретін спортшы. Барлығы оның спортқа қалай қарайтынына байланысты болады. Бокс дамып жатыр, бір орында тұрған жоқ. Жігіттер әрдайым өздерімен жұмыс істеуі керек, бапкерлерімен бірге. Менің ойымша, Төреханның супержұлдыз болуына мүмкіндік пен перспектива бар”, — деді маман.

Айта кетейік, 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сабырхан 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары