Өзбекстанның супеауыр салмақтағы үздік боксшысы Баходир Джалолов Ресей боксшысы Виталий Кудуховқа қарсы айқасқа қарқынды дайындалып жатыр. Жекпе-жек 6 қазанда Санкт-Петербургте өтеді.
Жекпе-жекке дайындық аясында Джалолов ресейлік тәжірибелі боксшы Сергей Кузьминмен спарринг өткізді.
Кузьмин — әлемдік деңгейде танылған спортшы:
Ол да Джалоловпен бір кеште шаршы алаңға шығады. Ресейлік боксшы Мурад Халидовпен күш сынасады.
Баходир Джалолов соңғы жылдары Орталық Азия боксындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі саналады. Оның кезекті айқасы аймақтағы жанкүйерлер үшін ғана емес, әлемдік бокс қауымдастығы үшін де маңызды оқиға болмақ.