Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновтың UFC басшылығына қойған талаптары белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:30

Еліміздегі белгілі аралас жекпе-жек шебері Шавкат «Номад» Рахмонов алдағы жекпе-жектеріне байланысты UFC басшылығына күтпеген талап қойды.

Шавкат Рахмоновтың UFC басшылығына қойған талаптары белгілі болды
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Рахмонов соңғы рет октагонға бір жыл бұрын, ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы шыққан болатын. Сол кездесуден кейін ол тізе жарақатына ота жасатып, ұзақ уақыт қалпына келді. Жарақат толық жазылғанымен, спортшының сегіз бұрышқа  қайта оралу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді.

Шавкат 2026 жылдың басында жекпе-жек өткізуді талап етіп отыр

Namys Fighting жобасына берген сұхбатында Рахмоновтың жаттығу серіктесі Фаниль Рафиков қазақстандық файтердің нақты талабын жария етті. Оның айтуынша, Шавкат 2026 жылдың басында жекпе-жек өткізуді талап етіп отыр және қарсыласын күтіп жүр.

«Шавкат UFC-ден келесі жылдың басында жекпе-жек беруді сұрады. Ол дайын, енді қарсыласын күтіп жүр. Бәлкім, бұл уақытта дивизиондағы жағдай да өзгеріп үлгереді: чемпион да, үздіктер де ауысуы мүмкін. Қазір бұл – ең қызық салмақ дәрежелерінің бірі. Жақын арада Шавкатты көргіміз келеді. Меніңше, ол Белал Мұхаммедке қарсы шығуы ықтимал», – деді Рафиков.

Бұған дейін Рахмонов келесі қадамына асықпайтынын, UFC 322 турнирінде Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев арасындағы титулдық жекпе-жектің жеңімпазын күтетінін айтқан еді. Алайда соңғы мәлімдемелерге қарағанда, ол енді ұзақ үзіліс жасауды қаламайды. Қайта белсенділік танытып, чемпиондық белдікке қол жеткізу мүмкіндігін арттырмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір