Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:10

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын бір саты жоғары дивизиондағы барлық негізгі белбеулерге ие америкалық Теренс Кроуфордтың ықтимал қарсыластарының қатарына қосты.

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы

Әлеуметтік желідегі парақшаларында WBO Кроуфордтың мүмкін болатын қарсыластары туралы жазба жариялады. Әлімханұлымен бірге бұл шорт-листке ресейлік Дмитрий Бивол және британиялық Хамза Шираз енді.

«Жәнібек пе? Бивол ма? Шираз ба? Үш есім. Үш сынақ. Келесі жекпе-жегінде Теренс «Бад» Кроуфордқа мүмкін деген үш жол бар ма?», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен апта соңында Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта жаңа «абсолют» атанды. Осыдан кейін Небраска тумасы орта салмаққа түсіп, өз мансабындағы алтыншы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болуды да ойлайтынын жеткізген еді.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін сәуірде өткізген болатын

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегін Жәнібек 5 сәуірде Анауэль Нгамиссенгемен өткізген. Нәтижесінде қазақ боксшысы французды бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір