DAR Pro Team бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың (22-3) келесі жекпе-жегіне дайындық жоспарын жариялады.
Асу 22 қараша күні Катар атанасы Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде америкалық Алекс Переспен (25-9) кездеседі.
Базровтың айтуынша, команда АҚШ-тағы Kill Cliff залында дайындық өткізу жоспарынан бас тартқан.
«Асу бойынша біз дайындықты өз базамызда, Бутаковкада өткіземіз. Бұл – теңіз деңгейінен 1 550 метр биіктікте орналасқан орта таулы аймақ. Америкаға барудың мәні жоқ: ұзақ ұшақ сапары, бейімделу де қиынға соғады. Сондықтан 1 қазаннан бастап Бутаковкада жаттығу жиынын бастаймыз. Ал әдеттегідей, жекпе-жекке 21 күн қалғанда Катарға жол тартамыз», – деді Базров Legalbet.kz-ке берген сұхбатында.