Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Үш раундта жеңемін": Головкинға күтпеген қарсылас табылды

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2025, 11:39

Қарсыласының айтуынша, Геннадийді жеңу үшін оған үш раунд жеткілікті.

Геннадий Головкин. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Жалаң жұдырықпен төбелес лигасының (Bare Knuckle FC, BKFC) чемпионы, британиялық Коннор Тирни кәсіби бокстің бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Тирнидің айтуынша, ол қатысатын бруталдырақ жалаң жұдырық жекпе-жектері оған классикалық бокста артықшылық береді.

«Қолғаптағы осы әлем чемпиондарына қараған соң, мен сол GGG-мен шайқасқым келеді. Көргеніме қарағанда, мен оны үш раундта жеңемін деп ойлаймын», — деп жазды Коннор Instagram Stories-те, Геннадийдің аккаунтын белгілеп.

Мүмкін, Коннор Тирнидің бұл мәлімдемесі жақында өткен BKFC 81 турнирімен байланысты шығар. Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде кәсіби бокстың экс-чемпионы Джеймс Дигейл австралиялық Мэтти Флойдты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2022 жылдан бері рингке шыққан жоқ. Сол жылы ол Сауль «Канело» Альвареспен трилогияның соңғы бөлігінде кездесіп, жеңіліп қалған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары