Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Төрехан Сабырханның жаңа видеосы желіде шу тудырды

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2025, 12:10

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан World Boxing маусымының шешуші турниріне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

instagram.com/@sabyrkhantorekhan
Реклама
Реклама

Қазақстандық чемпионның жаңа кезеңі

Ол дайындық барысынан видео жариялап, бокс грушасында соққыларын пысықтады. 

«Еңбек ет — демалысың да соған лайық болсын», — деп жазды Сабырхан өз жазбасында.

Еске сала кетсек, Төрехан Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл жеңіс оны қазақстандық бокстың жаңа толқынының жарқын өкілі ретінде танытты.

World Boxing Кубогының финалы 

Қазақстандық бокс федерациясының хабарлауынша, World Boxing Кубогының финалы 2025 жылдың қараша айында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Турнирге қатысу үшін спортшыларға арнайы жеке шақырулар жолданбақ.

Төрехан Сабырханның әлем чемпионатындағы тамаша өнері оның финалдық кезеңге үміткерлердің бірі болуына толық негіз беріп отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары