Әлемнің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Дмитрий Биволдың денсаулығына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Оның бапкерлерінің бірі Дмитрий Кириллов спортшының қазіргі жағдайы туралы айтты.
«Қазір Дмитрий Санкт-Петербургте қалпына келіп жатыр. Әзірге жаттығуларын бастамады, бірақ жағдайы жақсы. Жақында оралатынын өзі жариялайды деп ойлаймын. Дәл қашан екені әзір белгісіз, өйткені ол ауыр операциядан кейінгі оңалу кезеңінде», — деді Кириллов.
Ақпан айында өткен соңғы жекпе-жегінде Дмитрий Бивол реванш кездесуінде Артур Бетербиевті көпшілік төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған еді.
Алайда кейіннен ол WBC белбеуінен өз еркімен бас тартып, абсолютті чемпион мәртебесін жоғалтты.