Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Махмұд Сабырхан Олимпиада чемпионы Дусматовқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:35

Әзірге бұл жекпе-жек 2028 жылы Олимпиадада өтуі мүмкін.

Коллаж
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның жеке бапкері Ілияс Оралбековтің айтуынша, оның шәкірті 2028 жылғы Олимпиадада өзбекстандық қос дүркін олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен рингте кездесуі мүмкін,

“Әбден мүмкін. Біз ойлаймыз, ол біздің 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысуы ықтимал. Бұл өте қызықты жекпе-жек болар еді деп санаймын.”

— Менің байқауымша, олардың антропометриясы, бойы, дене бітімі бір-біріне ұқсас, бірақ Махмұд одан жасырақ.

“Иә, жасырақ. Ол оңай қарсылас емес. Дусматов жайдан-жай қос дүркін олимпиада чемпионы болған жоқ. Олимпиадада Баркер кубогын да алған. Әлем чемпионы да болды — өте тәжірибелі, мықты қарсылас.”

— Егер мұндай жекпе-жек өтсе, оны қандай артықшылықтың арқасында жеңуге болады? Жастық па?

“Мұнда жастық басты рөл атқармайды. Махмұд көп соққы жасайды. Ол жылдамырақ және соққыларды көбірек тастайды. Дусматов көбіне жанама соққыларға сенсе, Махмұд — әртүрлі бағытта жұмыс істейтін боксшы: жоғарыдан да, төменнен де, қапталдан да соққы жасай алады. Қажет болса, шегініп, керек болса алға да шығады. Егер Махмұд саспай, өз боксын көрсетсе — жеңіске жетеді деп ойлаймын.” –  деді бапкер YouTube арнасындағы «Күнгей.кз»-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дусматов қазақстандық Сәкен Бибосыновты төрешілер шешімімен жеңіп, Қазақстанды олимпиадалық медаль мүмкіндігінен айырған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары