Боксшының жаңа бағыты белгілі болды.
Белгілі қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 2025 жылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді.
«Сәкен Бибосынов 2025 жылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайды, себебі 25 қазанда Бішкекте қырғызстандық боксшы Әділет Қашқынбековпен кәсіпқой жекпе-жек өткізеді», — делінген ресми хабарламада.
2025 жылғы Қазақстан чемпионаты Семейде 14–21 қазан аралығында өтеді. Бұл бәсеке ұлттық құраманың жаңа буынын анықтайтын маңызды жарыстардың бірі болмақ.
Алайда Бибосынов бұл турнирге қатыспай, өзінің кәсіпқой мансабына басымдық беруді ұйғарған.
Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов бұған дейін ұлттық құраманың жаңа құрамын 2026 жылғы World Boxing әлем чемпионаты мен Қазақстан чемпионатының нәтижелері бойынша жасақтау жоспарланғанын айтқан еді.
Бірақ Сәкен Бибосынов бұл екі турнирге де қатыспайды. Ол Ливерпульде өтетін тарихи World Boxing чемпионатына да бармаған болатын.