Әліби Ыдырыс UFC октагонына қашан оралады?
13.10.2025, 22:28
Қазақ жауынгері UFC-дегі дебюті туралы айтты.
instagram/@alibi_idiris
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс өзінің UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек уақыты туралы айтты. Бұл жөнінде ол Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Жекпе-жектің нақты күні әзірге бекітілген жоқ. Алдын ала қаңтар немесе ақпан айларында өтуі мүмкін деп айтты. Сол мерзімге қарай дайындалып жатырмыз», — деді Ыдырыс.
2025 жылдың тамыз айында 31 жастағы файтер кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін UFC 319 турнирінде тіркеген еді. Дегенмен бұл нәтиже оған әлемдегі ең беделді ұйыммен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қоюға кедергі болмады.
Қазір оның еншісінде 10 жеңіс және 1 жеңіліс бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама