Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қарсыласын ойсырата жеңіп, ширек финалға жол тартты
18.10.2025, 17:08
Семейде бокстан ҚР чемпионатының ширек финалына жолдамалар сарапқа салынып жатыр.
olympic.kz
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде павлодарлық Серік Теміржанов Шымкент өкілі Жанарыс Орынбаймен күш сынасты. Жекпе-жек барысында Теміржанов қарсыласын қашықтықта ұстап, дәл соққыларымен басымдық танытты. Оның тактикалық артықшылығы мен тәжірибесі айқын байқалды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан шешім шығарып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановты 5:0 есебімен жеңімпаз деп таныды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама