Реклама
Реклама

Бибарыс Жексен Семейдегі чемпионатта жеңісті жолын жалғастырды

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 16:00

Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының жекпе-жектері жалғасып жатыр. 

sports24.kz

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке жамбылдық Бибарыс Жексен мен Ақмола облысының өкілі Шыңғыс Мусинов шықты.

Әлем чемпионатына (Ливерпуль) қатысқан тәжірибелі боксшы Бибарыс Жексен жекпе-жек барысында қарсыласын қарсы шабуылдармен қыспаққа алды. Бұл тактика алғашқы раундта нәтижесін беріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) жеңісті оған берді.

Келесі екі раундта да жағдай өзгермей, Жексеннің үстемдігі сақталды.

Осылайша Ливерпульдегі әлем чемпионатында 1/8 финалда жарыс жолын аяқтаған Бибарыс Жексен Семейдегі Қазақстан чемпионатының келесі айналымына сенімді түрде жолдама алды.

Реклама
Реклама