Төрешілер шешімімен екі дүркін Азия чемпионы жартылай финалға шықты
18.10.2025, 15:19
Тәжірибелі боксшы Жайна Шекербекова Семейде өтіп жатқан ел чемпионатының ширек финалдық кездесуінде жеңіске жетті.
baq.kz
Шымкент намысын қорғайтын Жайна Шекербекованың қарсыласы астаналық Сәния Сұлтанқызы болды. Үш раунд бойы айқын басымдық көрсеткен Шекербекова төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медаль иегері атанды.
Жайна Шекербекова – әлем чемпионаттарының жүлдегері және Азияның екі дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері ретінде танымал.
Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Елдің ең мықты былғары қолғап шеберлері алтын медаль мен ұлттық құрама сапындағы жолдамалар үшін тартысты кездесулер өткізуде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама