Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қазақстан Барысының» былтырғы жеңімпазы турнирді әдемі әдіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 14:50

Астанадағы қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» супер-турнирінде былтырғы жеңімпаз Ерасыл Кажыбаев өз атағын қорғауды сенімді түрде бастады. 

instagram/@qazaqstan_barysy
Реклама
Реклама

Алғашқы белдесудегі жеңіс

Абай облысының атынан сынға түскен Ерасыл Кажыбаев алғашқы белдесуінде қызылордалық балуан Мақсат Исағабыловты таза жеңіспен ұтты. Кездесудің негізгі уақытының соңғы секундтарында Ерасыл қарсыласын әдемі әдіспен иықтан асыра лақтырып, жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, Мақсат Исагабылов 2021 жылы дәл осы беделді турнирдің чемпионы атанған. Биылғы маусымда ол тәжірибелі қарсыласына жол берді.

Қажыбаевтың мақсаты — титулды қорғау

Былтыр бас жүлдені иеленген Ерасыл Кажыбаев биыл да чемпиондық белбеуді қорғауға кірісті. Оның басты мақсаты — қатарынан екі мәрте «Қазақстан Барысы» атану.

Турнир Астанада өтіп жатыр, ал еліміздің үздік балуандары бас жүлде мен «Барыс белбеуі» үшін күресті жалғастыруда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары