Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

АҚШ-та Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жек күні жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 13:28

Келесі жекпе-жегін Шавкат 2026 жылы өткізеді.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачев пен жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы австралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы кездесу жеңімпімен титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін.

«Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде 2026 жылдың басында октагонға оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

„Құдай қаласа, қаңтарда немесе ақпанда“, – деді ол. Үлкен ықтималдықпен ол Джек Делла Маддалена — Ислам Махачев жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Бұл кездесу UFC 324 турнирінде өтеді, онда сонымен қатар Илия Топурия мен Джастин Гэтжи де өнер көрсетеді.

Paramount арнасында өтетін алғашқы UFC 324 турнирі ауқымды шоу болмақ», — деп жазады америкалық Instagram-аккаунт Sparrwars.

Айта кетейік, Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық спортшы денсаулық мәселелеріне байланысты октагонға шыққан жоқ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары