Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокстан әлемдік рейтингте Өзбекстан Қазақстаннан озып шықты

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 11:54

Рейтингке Өзбекстаннан – 12 боксшы, Қазақстаннан 11 боксшы еніп отыр

ҚБФ
Реклама
Реклама

World Boxing Халықаралық бокс федерациясы алғаш рет әлемдегі ең үздік боксшылардың рейтингін жариялады. Көшбасшылардың негізгі бөлігі Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларынан тұрады.

Рейтингке Өзбекстаннан – 12 боксшы (7 – ер, 5 – әйел), Қазақстаннан 11 боксшы (6 – ер, 5 – әйел) еніп отыр. Сонымен қатар:

  • Түркия – 8 (7 – ер, 1 – әйел);
  • Бразиялия – 7 (3 – ер, 4 – әйел);
  • Қытай – 6 (4 – ер, 2 – әйел);
  • Англия, Үндістан, Жапония – 5.

Жалпы көшбасшылар саны жағынан Қазақстан бірінші орынға шығып отыр. Біздің елдің жеті боксшысы (4 – ер, 3 – әйел) өз салмағында көшбасшы атанған. Ал, Өзбекстанның алты боксшысы (барлығы ерлер) өз салмақтарында бірінші тұр.

Салмақ дәрежесіне байланысты емес жалпы рейтингтегі жағдай мынадай:

Әйелдер арасында әлемнің ең үздік боксшысы атағына польшалық Юлия Шеремета (57 кг) иелік еткен – 2075 ұпай. Ол World Boxing ұйымы құрылғалы Олимпиада ойындарында (2024 ж.), Әлем кубогінде және Әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы сапынан үздік көрсеткіш Назым Қызайбайда (51 кг). Ол 1750 ұпаймен рейтингтің төртінші сатысына жайғасқан.

Ерлер арасында өзбектің екі боксшысы – Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдиндужаев (65 кг) бірінші орында тұр. Екеуі де 3 000 ұпайдан жинады. Қос боксшы да Париждегі Олимпиада мен Ливерпульдегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.

Қазақстаннан ең үздік көрсеткіш Айбек Оралбайда (+90 кг). Ол 2025 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан. Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) бесінші орынды өзара бөліскен, әрқайсысында 1650 ұпайдан.

Айта кету керек, рейтингтегі ұпайлар саны боксшылардың World Boxing ұйымдастырған жарыстардағы нәтижелеріне қатысты есептеледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары