Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күні тартысқа толы жекпе-жектермен есте қалды. Бірқатар атақты былғары қолғап шебері айқын жеңіске жетіп, кейбір кездесулер нокаутпен аяқталды.
50 келі салмақ дәрежесінде тәжірибелі Теміртас Жүсіпов өз тегі бір, қарсыласы Асхат Жүсіповпен күш сынасып, 3:2 есебімен қиын жеңіске қол жеткізді.
Осы салмақта Даниял Сәбит те сенімді өнер көрсетті. Ол алғашқы раундта Кирилл Шаровскийді нокаутқа жіберді.
55 келі салмақта ел чемпионы Сәкен Бибосынов өз қарсыласы Алмас Нұрланды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Сол салмақ дәрежесінде Тимур Қабдешов те көрермендерді таңғалдырды. Таза нокдаунға түсіп қалғанына қарамастан төрешілердің шешімімен Рамазан Нұрлыбаевты 5:0 есебімен ұтты.
65 келіде Ертуған Зейнуллинов Азамат Нүркенге еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті.
Сол салмақтағы тағы бір фаворит Санатәлі Төлтаев та Мәди Махмұтты жеңіліске ұшыратып, 5:0 нәтижесін тіркеді.
Бұл салмақта Санжарәлі Бегалиев Ілияс Жандауды 5:0 есебімен сенімді ұтты.
Михаил Коханчик болса, Бақберген Әлиасқаровпен болған кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Қарсыласы жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Сол қатарда Нұрқанат Раиыс Әлихан Жақыповты 5:0 есебімен жеңсе, Диас Молжігітов Аятолла Тәкіжановпен тартысты айқаста 3:2 есебімен үстемдік құрды.