Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Семейдегі нокауттар, жаңа есімдер және Оралбайдың оралуы — Қайрат Сәтжанов есеп берді

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 20:40

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Семейдегі ел чемпионатының қорытындысын шығарып, алдағы мақсаттар туралы айтты.

NUR.kz
Реклама
Реклама

«Жас боксшылар өзін көрсетті, бірақ тәжірибе шешуші рөл атқарды»

«Алты күнге созылған Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Көп қызықты жекпе-жектер болды — екі салмақта нокаут тіркелді. Турнирде жас боксшылар көп болғанымен жеңіс тәжірибелі спортшылар жағында қалды», — деді Сәтжанов.

Бапкердің айтуынша, оның есінде ерекше сақталған жекпе-жек — Санжарәлі Бегәлиевтің жеңісі:

«Бірінші раундта Ерқанат Райысты нокаутқа түсіріп, сенсация жасады. Сол сәт мен үшін күтпеген жағдай болды.»

Ұлттық құраманың жаңа кезеңі басталады

Қайрат Сатжановтың сөзінше, енді басты назар — оқу-жаттығу жиындарына аударылады.

«Бүгін таңертең жиналыс өткіздік. Жас боксшылар — Дәулет Төлемісов және өзге де жігіттер жастар құрамасынан ересектер қатарына өтуде. Дегенмен физикалық тұрғыдан әлі толық бейімделіп болған жоқ», — деді бас бапкер.

Турнир деңгейі өскен

Сәтжанов 2025 жылғы чемпионатты былтырғымен салыстыра отырып, оның сапасы артқанын атап өтті:

«Былтыр нокаут тіркелмеген еді, ал биыл бірнеше шешуші айқас ерте аяқталды. Жас боксшылардың ішінде Нұрсұлтан Алтынбек секілді таланттар жақсы нәтиже көрсетті — кейбірі турнир барысында бес-алты жекпе-жек өткізді.»

Алдағы жоспарлар

31 қазан күні Алматы облысындағы «Жанашар» спорт базасында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталады. Онда төрт әлем чемпионы, жарақатынан толық айыққан Нұрбек Оралбай және Қазақстан чемпионатының барлық жеңімпаздары қатысады.

Бұл жиын жаңа құрамды халықаралық маусымға дайындауға бағытталмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары