Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бес баланың анасы чемпион атанып Қазақстан құрамасының көшбасшысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 21:55

Боксшы Әйгерім Сәттібаева 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құраманың жаңа көшбасшысы мәртебесіне ие болды.

sports24.kz
Реклама
Реклама

«15 жылдан кейін қайта жеңіске жеттім»

Әйгерім Сәттібаева өз жеңісінен кейінгі қуанышын жасырмады:

«Қазақстан халқын сәлемдеймін! Өздеріңіз көргендей, мен жеңіске жеттім. Әрбір жекпе-жегім оңай болған жоқ. Үйде мені күтіп отырған балаларыма және отбасымның сенімін ақтағаныма қуаныштымын.

15 жыл үзілістен кейін Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атану – мен үшін үлкен толқу мен қуаныш», – деді боксшы.

Чемпионатқа дайындық барысында Әйгерім 51 келі салмақ дәрежесінде Таразда өткен үш жекпе-жекте жеңіске жеткен. Бұл жарыстар оның ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралуының алғашқы кезеңі болды.

«Осыдан кейін жеке бапкеріммен бірге екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдым», – дейді Сәттібаева.

Ұлттық құраманың жаңа көшбасшысы

Әйгерім Сәттібаева Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі болып екі жыл бойы тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.

«Біздің салмақта бұрын бірінші нөмір – Назым Қызайбай еді. Ол спорттан кеткеннен кейін мен сол орынды иелендім. Соңғы екі жылда ешбір оқу-жаттығу жиынын, турнирді қалдырмай қатыстым. Бас бапкер Елдос Сайдалин жіберген барлық жарыстарда тәжірибе жинадым. Енді өзімді толық дайынмын деп есептеймін», – деді боксшы.

Финалда Әйгерім 48 келі салмақта Алматы облысының өкілі Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Әйгерім Сәттібаева — бес баланың анасы. Ол өзінің жеңісін балаларына арнап, аналық пен спортты қатар алып жүру мүмкін екенін дәлелдеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары