12:8! Қазақ қызы финалда түрік балуанын талқандады
24.10.2025, 22:22
Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласындағы U23 әлем чемпионатында Шұғыла Өмірбек ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
instagram/@qaz_team_official
Алтын үшін айқас
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Шұғыла Өмірбек финалда түркиялық Туба Демирді 12:8 есебімен жеңіп, жоғары шеберлігін және тактикалық дайындық деңгейін көрсетті.
Бұл кездесу жарыстың ең тартысты финалдарының бірі атанды. Өмірбек шешуші сәттерде батыл шабуылдармен қарсыласын қыспаққа алды және басымдығын сақтап қалды.
Чемпиондық жол
Түркістан облысының намысын қорғаған балуан финалға дейінгі барлық қарсыласын сенімді түрде жеңді:
- 1/4 финалда — румыниялық Александра Войчилеску (3:1);
- Жартылай финалда — германиялық Амори Андрих (2:0);
- Ал алғашқы айналымда молдовалық Михаэла Симонды 10:2 есебімен ұтты.
Осы жеңісімен Шұғыла Өмірбек Қазақстан құрамасына әлем чемпионаты-2025-тегі алғашқы “алтынды” алып берді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама