Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы біріктіруші чемпиондық жекпе-жекке қол қойды

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 12:13

Лара мен болатын жекпе-жекте бірден үш белбеу тігіледі.

Фото: champions info
Реклама
Реклама

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы салмақтағы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды.

Әлімханұлы мен Лараның кездесуі АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтетін Айзек Крус — Ламонт Роуч кіші бокс кешінің екінші басты жекпе-жегі болады. Қазақстан уақытымен бұл шоу 7 желтоқсан күні таңертең өтеді.

Белгілі америкалық инсайдер әрі спорт шолушысы Дэн Рафаэль бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды:

«Екі тараптың деректеріне сәйкес, Жәнібек пен Top Rank командасы орта салмақтағы үш белбеу үшін өтетін біріктіруші жекпе-жекке қол қойды. Бұл кездесу PBC Prime Video платформасындағы 6 желтоқсандағы PPV-кештің екінші басты оқиғасы болады, ал басты жекпе-жек — “Питбуль” (Айзек Крус) пен Роучтың айқасы», — деп мәлімдеді ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары