Қазақстандық файтер Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды
25.10.2025, 16:42
Қазақстандық жас ММА жауынгері Санжар Иманғали 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль еншіледі.
olympic.kz
Жас файтер 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Аваз Анваровпен күш сынасып, тартысты айқаста аз ғана ұпай айырмасымен қарсыласына жол берді.
Соған қарамастан Санжар Иманғалидің бұл жетістігі – қазақстандық аралас жекпе-жек мектебі үшін үлкен табыс. Ол ел намысын абыроймен қорғап, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама