Қазақстан Азия ойындарында үш қола медаль жеңіп алды
25.10.2025, 19:56
Бахрейнде жасөспірімдер арасында Азия ойындарында муай-тай жарыстары жалғасып жатыр.
olympic.kz
Үш қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін жеткенімен өз қарсыластарына жол берді.
- Айсұлу Ковалева (40 кг дейін) — тайландтық Наттхида Канябуриге есе жіберді;
- Алина Сайлау (45 кг дейін) — палестиналық Вивиан Эллиске жол берді;
- Камила Абдолда (48 кг дейін) — вьетнамдық Пхуон Нгуенмен кездесуде жеңілді.
Осылайша қазақстандық муай-тай шеберлері Азия ойындарын үш қола медальмен аяқтады. Бұл — ел құрамасының жас буыны үшін маңызды тәжірибе мен үлкен жетістік.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама