Реклама
Реклама

WBA, WBO, IBF: Үш белбеу үшін соғыс! Жәнібек Әлімханұлының түнін кімдер қыздырады?

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 16:00

Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы кубалық боксшы Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBA, IBF және WBO белбеулері үшін жұдырықтасатын бокс кешінің толық картасы жарияланды.

sportilinet.kz

Кеш қашан және қайда өтеді?

Тартысты шоу 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы “Frost Bank Center” аренасында өтеді. Іс-шараның промоутері — әйгілі Premier Boxing Champions (Эл Хэймон) ұйымы.

Басты жекпе-жекте мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч WBC уақытша чемпионы атағы үшін айқасады. Ал кештің ко-мэйн ивенті: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы біріктірілген чемпиондық жекпе-жек.

Бокс кешінің толық картасы

  1. Стивен Фултон (WBC чемпионы, жартылай жеңіл салмақ) келесі дивизионға көтеріліп, О’Шаки Фостердің белбеуіне таласады.
  2. Хесус Рамос пен Шейн Мосли-кіші орта салмақтағы WBC уақытша чемпиондық атағы үшін күш сынасады. Бұл жекпе-жекте Әлімханұлының болашақ қарсыласы анықталуы әбден мүмкін.
  3. Фрэнк Мартин мен Рансес Бартелеми супержеңіл салмақта рингке шығады.
  4. Исаак Лусеро мен Роберто Валенсуэла-кіші бірінші орта салмақта жұдырықтасады.

32 жастағы Жәнібек Әлімханұлы биылғы сәуір айында Астанада өткен жекпе-жекте Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, өз белбеулерін сенімді қорғаған. Қазақ боксшысы IBF чемпионы атағын екі жыл бұрын, ал WBO белбеуін одан бір жыл бұрын иеленген.

Реклама
Реклама