Реклама
Реклама

Қазақ дзюдошысы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
29.10.2025, 19:23

Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы тағы бір алтын медальді жеңіп алды.

sportarena.kz

Әділжан Нұрбекен – Азия чемпионы

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділжан Нұрбекен финалда тәжікстандық Юсуф Замоновты «иппонмен» (алтын ұпай – golden score) жеңіп, чемпион атанды.

Бұл жетістік – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы ең ірі жеңістерінің бірі.

Күміс жүлде Аслан Ерғалиевте

55 келі салмақта ел намысын қорғаған Аслан Ерғалиев финалда өзбекстандық Әбубәкір Сатторовпен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды, ал қосымша уақытта қарсыласы «юко» әдісімен жеңісті жұлып әкетті.

Әдия Жанахмет – қола медаль иегері

Қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әдия Жанахмет үшінші орын үшін өткен белдесуде үндістандық Никита есімді спортшыдан басым түсті. Белдесу тағдырын да қосымша уақытта орындалған «юко» әдісі шешті.

Осылайша жас дзюдошыларымыз Бахрейнде өтіп жатқан Азия ойындарында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, құрлықтағы үздіктер қатарынан көрінді.

Реклама
Реклама